
Радио арқылы музыка ойнату
Әндерді жоғары дыбыспен немесе сапасы жоғары стерео динамиктер арқылы
тыңдағыңыз келеді ме? Музыканы FM радиосы арқылы ойнатуға болады.
1 Қабылдағыш радионы бос жиілікке дәлдеңіз.
2
Мәзір
>
Музыка
>
Музыкам
белгішесін басыңыз.
3 Ойнатылатын әнді таңдаңыз.
4
Парам-р
>
Радио арқ-ы ойнату
белгішесін басыңыз.
5 Қабылдайтын радионы реттеген жиілікті орнату үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз я болмаса солға немесе оңға жылжыңыз. Мысалы,
аумағыңызда 107,8 МГц жиілігі бос болса және FM радиоңызды сол жиілікке
дәлдеген болсаңыз, FM таратқышында 107,8 МГц жиілігіне дәлдеңіз.
Дыбыс деңгейін өзгерту үшін қабылдағыш радиодағы дыбыс пернесін
пайдаланыңыз. Телефонның дыбысы өшірілмеген болсын.