
FM таратқышы туралы ақпарат
FM таратқышының көмегімен автокөлік радиосы немесе үйдегі стерео жүйе
сияқты кез келген үйлесімді FM таратқышын пайдаланып телефоныңызда
сақталған әндерді ойнатуға болады.
Ескерім: Кейбір елдерде FM таратқышын пайдалануға шектеулер қойылуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке хабарласыңыз және
www.nokia.com/fmtransmitter торабын қараңыз.
FM таратқышының жұмыс істейтін ара қашықтығы ең көбі 3 метрді (10 футты)
құрайды. Қабырғалар, басқа электрондық құрылғылар немесе қоғамдық радио
арналар сияқты кедергілер таратуға кедергі жасауы мүмкін. FM таратқышы бір
жиілікте жұмыс істеп жатқан жақын аймақтағы FM қабылдағыштарына кедергі
келтіруі мүмкін. Кедергілердің болмауы үшін, FM таратқышын қоспас бұрын
қабылдағышта бос FM жиілігін іздеңіз.
Таратқыштың жұмыс істейтін жиілігі 88,1-107,9 МГц аралығында.
Музыка және аудио
29

FM таратқышын шағын гарнитура немесе ТД-шығыс кабелі қосулы кезде
пайдалану мүмкін емес.