Қос SIM карталы телефон
Екі SIM картасын салуға болады.
Қос SIM карталы телефонның кейбір артықшылықтары
•
Әр түрлі қызмет провайдерінің қызметтерін пайдаланғанда үнемдеуге
болады.
•
Бір телефон нөмірін жеке қоңыраулар үшін, ал екіншісін жұмыс үшін
пайдаланыңыз, бірақ бір ғана телефонды алып жүріңіз.
•
Қызмет провайдерлерінің арасында желі ауқымының әр түрлі болуын
болдырмаңыз.
Телефон қолданыста емес кезде, бір мезгілде екі SIM картасы да қол жетімді
болады, бірақ бір SIM картасы қосылып тұрғанда, мысалы, қоңырау шалғанда,
хабарды жібергенде немесе алғанда немесе деректерді тасымалдағанда, екіншісі
қол жетімді болмайды.
Ішкі SIM картасының ұстағышында SIM картасы болмаса, тек жедел қоңырау
шалуға болады.
Кейбір мүмкіндіктер мен оператор қызметтері тек ішкі SIM картасы
ұстағышында SIM картасын пайдаланғанда қол жетімді болады.
GPRS қосылымы өңде ашылмайды. Егер қолданба GPRS қосылымын пайдаланса
және сіз басты экранға оралсаңыз немесе басқа қолданбаға, мәзірге не басқа
көрініске ауыссаңыз, қосылым автоматты түрде жабылады.